28.09.2021, 15:35
Оқылды: 217

Шыңғырлау шабандоздары – чемпион

Жуырда Ақжайық ауданында ұлттық ат спорт түрлерінен ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты және Тайпақ ауылынан шыққан спорт саңылақтарын еске алуға арналған ашық турнир ұйымдастырылған болатын. Облысымыздың 8 ауданынан қатысқан дода тартысты да қызықты өтті.

чемпион (1)

Нәтижесінде Шыңғырлау ауданының «Бөкенбей батыр» көкпар командасы финалға өтіп, Ақжайық ауданы, Жұбан елінің «Құлагер» командасын жеңіп, жерлестерімізді қуанышқа бөледі.

Шыңғырлау өңірінде ат спортын дамытуға қолдау көрсетіп, ұлттық спортты насихаттауға атсалысқан шабандоздарымызды чемпион атақтарымен құттықтап, әлі де талай жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!

 

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале