16.05.2025, 13:00
Оқылды: 308

Шыңғырлауда құрылыс жұмысы қадағалануда

Биылғы жылы ауданымыздағы көне ғимараттардың бірі аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмысы басталған болатын. Жуырда Шыңғырлау аудандық «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері орталық аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жүргізіп қайтты.

WhatsApp Image 2025-05-16 at 12.13.34

Аталған шараға Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Сағидолла Тұрғалиев, тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы және мердігер ұйым өкілі қатысты.

497257603_2355502161490516_6540484495282989954_n

Бұл жұмыстарға тапсырыс беруші «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в» мекемесі, жауапты мердігер ұйым «БатысКотлоМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жоба құны 1 410,192 мың теңге. Қазіргі таңда, ғимараттың, жылыту жүйесін, еденін бұзу, орнын тазалау, сыртын қаптау секілді жұмыстар жүргізілуде. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мердігер ұйым өкілдеріне жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізу жөнінде айтып, қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

                                                                                                               Гүлназ Мұқан,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале