9.12.2022, 17:59
Оқылды: 69

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл сайын ауданда «Жомарт Жүрек» салтанатты жиыны дәстүрлі түрде өтіп отырады.

WhatsApp Image 2022-12-09 at 17.23.03(1)

Бұл жолы да туған өлкеміздің өсіп-өнуіне, өркендеуіне елеулі үлес қосқандарды ерекше атап өту мақсатында «Жомарт Жүрек – 2022» премиясын табыстау рәсімі ұйымдастырылды.

Жиын барысында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова «Жомарт Жүрек – 2022» премиясының ашылу салтанатымен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, туған өлкемізде жүргізілген әр түрлі бастамаларға қолдау білдірген жерлестерімізге алғысхат табыс етті.

IMG_20221209_175208
Атап айтқанда, «Балалар алаңқайын» орнатқан Белогор мектебінің 1970 жылғы түлектері «Туған өлке» номинациясымен марапатталса, Балалар жылының аясында Амангелді ауылында «Балалар алаңқайын» және футбол алаңын өз қаражатына салған Виктор Меңдібаев «Жыл меценаты» номинациясына ие болды. Ал ауданның белсенді кәсіпкері, патронаттық 7 бала асырап, отбасылық махаббатын танытқаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясымен ЭПП Надежда, Шыңғырлау аулының аз қамтылған, мүгедек бала өсіріп отырған отбасыға 6 млн теңгенің сертификатын табыстап, тұрғынға үй алып берген «Qareket» қорының жетекшісі Демежан Меңдешев «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар жерлес бауырына қолдау көрсете білген Талғат Жарылғасов «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясын иеленді.
Шара барысында әсем әндер орындалып, құттықтау тілектер айтылды.

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале