13.09.2026, 16:20
Оқылды: 4

Шыңғырлаулық студенттерге репродуктивті денсаулық пен отбасын жоспарлау бағытында дәріс оқылды

Шыңғырлау ауданында жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға және саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған маңызды шара ұйымдастырылды.

InShot_20260913_211257246

Колледж студенттерімен өткен кездесудің басты мақсаты – жастарға денсаулықты сақтаудың маңызын түсіндіру және отбасылық өмірге жауапкершілікпен қарауға шақыру.

​Семинар барысында аудандық аурухананың акушері Ару Асу отбасын жоспарлау ұғымына кеңінен тоқталып, жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден аулақ болу мәселелерін қозғады.

Еркін форматтағы жүздесуде жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулер өскелең ұрпақтың болашаққа саналы қадам жасауына мол мүмкіндік береді.

Сара Әділ, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале