13.12.2021, 9:50
Оқылды: 57

Спорт алаңында – судьялар

Орал қаласындағы «Омега» спорт кешенінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Судьялар одағының 25 жылдығына арналған БҚО соттары арасында спорттық турнир өтті.

6

Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сот мамандарының жұмыстан тыс уақытын тиімді пайдалану, айтулы мерекені ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шараны өткізуге Батыс Қазақстан облыстық соты мұрындық болды.

Спорттық жарысқа Батыс Қазақстан облыстық, қалалық, аудандық және мамандандырылған ауданаралық сот командалары қатысып, бақ сынасты.

Сала мамандары бәсеке көркін қыздырып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Шаршы алаңда әділдікті жанына ту еткен әділ билердің және сот қызметкерлерінің спорттық ойындарының қорытындысында үстел теннисінен сынға түскен аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Гүлжихан Амантаева екінші орын иеленді.

-Батыс Қазақстан облыстық соты мемлекеттік маңызы бар мерекелерде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спорттық шараларды ұдайы өткізіп келеді. Үстел теннисінде 2 судья, 5 сот маманы сынға түсті. Ойын өте жоғары дәрежеде және тартысты өтті. Өзіме үміт артқан Бәйтерек аудандық сотындағы әріптестерімнің абыройын асқақтау үшін ойында бар күш-жігерімді салып, жеңіс тұғырынан көріндім,-дейді Гүлжихан Амантаева.

Альбина Бәтенова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале