11.03.2021, 11:47
Оқылды: 43

«Спутник V» вакцинасы Жәнібекке жетті

Жәнібек ауданына «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы келді. Коронавирусқа қарсы екпені бірінші болып аудандық орталық аурухана директоры Сәуле Исмағұлова алды. Айта кетейік, екпені тек дәрігерлік тексерістен өткендер ғана алады.

C88C9264-C527-4528-A372-77E3591E1D0C

-Бүгін ауданда алғашқылардың бірі болып вакцина алдым. Пандемия кезінде ақ халаттылар індетпен күресте алдыңғы шепте жүргені мәлім. Осы ретте халықпен тікелей жұмыс жасағаннан кейін медициналық қызметкерлердің екпе қабылдауы дұрыс деген ойдамын. Ешқандай кері әсерін әзірге байқамадым. Коронавирусқа қарсы вакцина ауруды азайтады. Бұл бізге карантиндік шектеусіз күнделікті өмір салтына оралуға мүмкіндік береді. Екпеден кейін жағдайым бірқалыпты. Егер екпенің қандай да бір кері әсері болса, ол әп сәтте байқалады,- дейді аурухана директоры Сәуле Мағауятқызы.

Қазіргі таңда ауданға 50 дана вакцина жеткізілді. Оның жартысынан көбі медбикелер мен жұқпалы аурулар бөлімінің қызметкерлеріне, фильтр және қабылдау орындарындағы меджұмысшыларға арналған. Қалған вакцина білім саласы, құқық қорғау органы мен мемлекеттік қызметкерлерге салынады.

03CA3D72-4DE3-4295-B841-9FA37C2C6D05

Екпе алғаннан кейін арнайы бөлмеде 30 минуттай дәрігердің бақылауында болу міндетті. Кері көрсеткіштер орын алмаса, араға 21 күн салғаннан кейін екінші мәрте вакцинацалау жүргізіледі.

-Ауруханаға келген азаматтарды алғашқы болып біз қабылдаймыз. Барлық тұрғынмен тікелей қарым-қатынас жасағандықтан бірінші қауіп те бізге төніп тұр. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, вакцина салдырып, өзімізді де қауіптен алшақтатқым келеді, - дейді фильтр қызметкері Данияр Масанов.

Г.Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале