27.01.2022, 17:20
Оқылды: 429

Студенттермен кездесу өтті

Әрбір жас мектеп қабырғасынан түлеп ұшқаннан соң жоғары оқу орнына түсуді армандайды. Жүрегі қалаған мамандығын игеріп, өмірге «бір кірпіш болып қалануды» мақсат тұтқан студенттер кейінгі ізбасарларына үлгі-өнеге болуға тырысады. Жуырда жоғары оқу орнында оқитын ауыл жастарының қысқы демалыс уақытында Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық мәдениет үйінде "Студенттік өмір деген-игі өмірдің бастауы" атты кездесу кеші өтті.

22

Кеште оқушылар студенттерден өздері қалаған мамандық, оқу үрдісі, болашаққа деген мақсаттары, жоғарғы оқу орындары туралы сұрақтарын қойып,  өз сұрақтарына толыққанды жауап алды. Алдағы уақытта мектепті аяқтағалы отырған жасөсіпірімдерге олар да өз тараптарынан жоғары білім алу үшін тынбай іздену, жан жақты болу керектігін айтып кеңестерімен бөлісті. Кездесу барысында жастар мен оқушылар арасында түрлі ойындар ойнатылды. Шараның соңы студенттердің  ақ тілектерімен аяқталды.

Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале