6.03.2024, 23:35
Оқылды: 8

Сырым ауданында ақ жаулықты аналарды құттықтады

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналар мерекесі қарсаңында Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев Евгения Әбдіғалиева мен Зибаш Қайыржанованың шаңырағына арнайы барып, құттықтады. Артур Мұратұлы аналарға аудан әкімі және ардагерлер кеңесінің атынан құттықтау хат пен естелік сыйлық табыс етті.

IMG-20240306-WA0056

Зибаш Қайыржанқызы саналы ғұмырында Сарой, Көздіғара ауылдарында кітапханашы, есепші қызметтерін абыроймен атқарды.

IMG-20240306-WA0055

Евгения Иванқызы ұзақ жылдар бойы аудандық ауруханада қойма меңгерушісі болып еңбек етті.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале