30.10.2026, 10:30
Оқылды: 6

Сырым ауданында дзюдодан анық турнир өтті

Жетікөл ауылында Республика күніне орай дзюдодан Сырым ауданының ашық турнирі өтіп, тоғыз ауылдың жас спортшылары татами төрінде күш сынасты.

2011–2013 жылы туған ұлдар мен 2012–2014 жылы туған қыздар қатысқан жарысқа жалпы саны 80 спортшы жиналды. 

Жас балуандар 2

Жарысқа қатысушылардың 17-сі – Жетікөл ауылының балуандары. Қаймен Есендияровтың жаттықтыруымен татамиге шыққан ауыл өрендерінің аудандық додада бақ сынауы – ауыл спортының дамуына жасалып жатқан жұмыстың алғашқы сатылары.

Турнирдің ашылуында Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов пен Батыс Қазақстан облысына еңбегі сіңген спорт ардагері, Жетікөл ауылдық округінің дзюдодан жаттықтырушысы Қаймен Есендияров жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Қаймен Есендияров ауылда жаттықтырушы болып жұмыс бастағанына бір жарым айдай уақыт өткенін айтты. Осы аз уақыттың ішінде ауыл балаларының күреске қызығушылық танытып, аудандық турнирге қатысуы көңілге қуаныш ұялатады.

– Құрметті ауылдастар, ауыл қонақтары, жанкүйерлер, бапкерлер және қатысушылар! Бүгін ауылымызда осындай аудандық турнирдің өтіп жатқанына қуаныштымыз. Осы жарыстың ұйымдастырылуына ықпал еткен барша жанға алғысымды білдіремін. Ауыл әкімі Айдархан Рамазановтың қолқа салуымен, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың қолдауымен Жетікөлге келіп, жаттықтырушы болып жұмыс бастағаныма бір жарым айдай уақыт өтіпті. Осы азғантай уақыттың ішінде ауылдағы көптеген бала балуанға айналып, аудандық турнирде белдесіп жатыр. Балаларымыздың еркін жаттығып, тәжірибе жинақтап, шебер спортшы болуына жағдай жасасақ, алақандай ауылдан да чемпиондар шығатынына сенеміз. Төрешілерге әділдік, жанкүйерлерге шыдамдылық, палуандарға сәттілік тілеймін. Кім мықты болса, сол жеңсін! – деді Қаймен Есендияров.

Жас балуандар 4

Жарыста ұлдар мен қыздар белгіленген салмақ дәрежелері бойынша белдесіп, үздіктер анықталды.

Қоңдыкер Елеуов,

“Жайық Пресс”

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале