16.02.2024, 0:12
Оқылды: 17

Сырым ауданында ҚР чемпионатының жеңімпазына құрмет көрсетті

Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов Астана қаласында ересектер арасында еркін күрестен өткен ҚР чемпионатының жеңімпазы Нұржан Исағалиевті қабылдады. Қабылдауда Нұржанның алғашқы бапкері Руслан Бекжанов та болды.

IMG-20240216-WA0001

Бұлдырты еркін күрес мектебінің түлегі Нұржан Исағалиев облыстың намысын қорғады.  Балуан 86 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, жауырынын жерге тигізбеді.

IMG-20240216-WA0000

Балуандық баспалдағын Бұлдыртыдан бастаған Нұржан Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мектеп интернатында, Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернатта білім алды.  Еркін күрестен спорт шебері атағын иеленді.

Ауданбасы Нұржан Исағалиевке сырымдықтар атынан шынайы ризашылығын жеткізіп, алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.

IMG-20240216-WA0003

Чемпион мен бапкері өздеріне көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді.

Қабылдауда бірге болғандар «Нұржан Әлем чемпионатынан алтын медальмен оралсын» деген тілектерін жеткізді.

IMG-20240216-WA0002

Аудан әкімімен кездесуден кейін Нұржан Исағалиев өзін құшақ жая тосып отырған туған жеріне аттанды.

IMG-20240216-WA0004

Бұлдыртылықтар спорт кешенінде керемет кездесу ұйымдастырды. Ауылының абыройын асқақтатқан арландарына ауылдастары ат мінгізді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале