6.09.2019, 12:13
Оқылды: 90

Сырым ауданында шегірткелерді улау басталды

Сырым ауданы бойынша аса қауіпті зиянкестер түріне италиялық прус шегірткесі, азиялық шегіртке, саршұнақтар, тышқан тектес кеміргіштер, зиянды бақашық кандаласы, астық қоңыздары, дәннің сұр көбелегі, гессен шыбыны, колорад қоңызы жатады. Биыл осы зиянкестерден тарайтын қоңыр тат ауруының таралуына мониторингтік зерттеу жұмыстары көктемгі, көктемгі-жазғы, жазғы кезеңдерде барлығы – 584,4 мың га. ауыл шаруашылық жерлерінде жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде қоныстанған аумақ – 168,2 мың га. жер.

 800

Сонымен қатар зиянды организмдер тобына жататын үйірсіз саяқ шегірткелері, шалғын көбелегі, бидай трипсі, астық сабақ егеушісі, астық жолақ бүргесі, майлы дақылдар зиянкестері, ауыл шаруашылық дақылдары ауруы мен арамшөптердің таралуына зерттеу жұмыстары барлығы – 53,3 мың га. жерде жүргізілді. Зерттеулер нәтижесінде қоныстанған аумақ – 34,2 мың гектар. Аудан бойынша биыл үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеуге жатқызылған және өңделген аумақ мемлекеттік жер қорындағы жерлерде – 4,0 мың гектар, шаруашылық құрылымдары жерлерінде – 2,0 мың гектар, барлығы – 6 мың гектар жерде жүргізілді.

Аудан бойынша италиялық прус шегірткесінің қоныстануына мониторингтік зерттеу жұмысы 12 ауылдық округтерде барлығы - 451,5 мың га. жерде жүргізілді. Нәтижесінде шегіртке зиянкесі қоныстанған аумақ – 145,8 мың га, осы шегіртке дернәсілдерінің қоныстануы – 80,0 мың га. жер. Дернәсілдердің 1 шаршы метр жердегі тығыздығы 3,0-150,0 дана аралығында болды. Италиялық прус шегірткесі дернәсілдеріне қарсы химиялық өңдеуге жатқызылған және өңделген аумақ Бұлдырты, Жосалы, Сарой, Жымпиты Жетікөл, Алғабас ауылдық округтеріне тиесілі ауыл шаруашылық жерлерінде көбірек анықталып, жалпы аумақ 44,98 мың гектар жер.

Марат Тоқтаров

Сырым аудандық

«РФДБӘО»РММ филиалының басшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале