22.04.2021, 19:18
Оқылды: 122

Сырымда республикалық Қадыр оқулары өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сырым ауданының орталығы Жымпитыда дәстүрлі «ІV республикалық Қадыр оқулары» байқауы өтті. Елді жайлаған пандемияға байланысты байқау биыл да онлайн түрде өткендігін айта кету керек.

FB_IMG_1619096271137

Шараның салтанатты ашылу рәсімі қонақтардың ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен бастау алды.

Салтанатты рәсімде Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры, Сырым ауданының құрметті азаматы Донеділ Қажымов, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, ақын Айтқали Нәріков құттықтау сөз сөйледі.

FB_IMG_1619096274281

Байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 42 оқушы қатысты.
Байқау балалар мен жасөсіпірімдер шығармашылығы орталығында «Сөзім барда – өзім бар» ақын шығармаларын жатқа оқу байқауы, «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» (Қадыр Мырза Әлі сөздеріне жазылған әндерді орындаушылар байқауы), «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» (Жас ақындардың Қадыр Мырза Әліге арналған өз шығармаларын орындау) бағыттары бойынша ұйымдастырылды.
«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» бағыты ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау бойынша «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қадыр атындағы қоғамдық қордың директоры Донеділ Қажымов, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әншісі, композитор Жаскелең Ғайсағалиев, Сырым аудандық шығармашылық орталығының вокал үйірмесінің жетекшісі Қайрат Рахметов қазылық етті.

FB_IMG_1619096285585

Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқуда БҚУ қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Рита Сұлтанғалиева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі, педагог-шебер, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Қадыртану» авторлық бағдарламасын құрастырушы Ақерке Байжиенова, Сырым аудандық білім беру бөлімінің мектеп-лицейінің директоры, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Самал Батырова қазылық етті.

FB_IMG_1619096297360

Қадыр Мырза Әліге арнап шығарылған оқушылардың өлеңдерін Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, ақын Айтқали Нәріков, облыстық «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі, ақын Талап Қуаныш, облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Альбена Қуатова бағалады.

FB_IMG_1619096291078

«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» Қадыр Мырза Әлі сөздеріне жазылған әндерді орындауда бас жүлдені Сырым ауданынан Әмина Орынбасар иеленді. І орынды Орал қаласынан Сымбат Урманова, ІІ орынды Маңғыстау облысынан Айсәуле Тұрлығазы, Қостанай облысынан Мерей Бергенов, ІІІ орынды Солтүстік Қазақстан облысынан Камила Дінәш, Ақтөбе облысынан Жанерке Әзімбек, Қызылорда облысынан Қайсар Қарабдинов еншіледі.

FB_IMG_1619096302000

«Сөзім барда – өзім бар» ақын шығармаларын жатқа оқу байқауында бас жүлдені Қаратөбе ауданы, Үшағаш негізгі орта білім беретін мектебінің оқушысы Нұрайна Сыйлыбек жеңіп алды. Бірінші орынды Сырым ауданынан Айасыл Сарқұл иеленді. Екінші дәрежелі дипломмен Алматы облысынан Ізбасар Измухан, Маңғыстау облысынан Фариза Жексенбай марапатталды. Атырау облысынан Қарақат Әлжанова, Ақтөбе облысынан Гүлбану Алдамжарова, Нұр-Сұлтан қаласынан Елдос Пәрмешов ІІІ орынға ие болды. Аталмыш бөлімнің қатысушысы, Солтүстік Қазақстан облысынан Назарқыз Әлімжанқызы Сырым ауданы әкімінің арнайы сыйлығына ие болды.

FB_IMG_1619096294588

«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» жас дарындардың Қадыр Мырза Әліге арналған өз шығармаларын орындау бойынша бас жүлде Орал қаласынан Дильназ Дидарқызына бұйырды. І орынға Нұр-Сұлтан қаласынан Мәрмәр Ділшәт, ІІ орынға Атырау облысынан Ернұр Салауатұлы, Қызылорда облысынан Бекнұр Матығұлов ие болды. Жүлделі ІІІ орынды  Алматы облысынан Аяулым Күндеш, Солтүстік Қазақстан облысынан Гүлзат Қалымова, Сырым ауданынан Динара Талапова, Алматы облысынан Тоғжан Жұматай еншіледі.

FB_IMG_1619096313259

Республикалық байқауды қорытындылаған қазылар алқасы Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша кешенінің ауласына көшеттер отырғызды.


Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале