7.05.2025, 17:30
Оқылды: 91

Сырымда жеңіс рухы мен жыр жаңғырығы тоғысты

Сырымдықтар мамырдың мамыражай таңын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қаһарман ақын, батыр Абдолла Жұмағалиевтің 110 жылдығына арналған «Жеңісті жақындатқандар және ескерілмеген ерліктер» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мәртебелі меймандарын қарсы алудан басталды.

494920437_1293580522767488_3373800749806188891_n

Қонақтар Сырым кесенесінен қарсы алынып, халқымыздың дархан дәстүрімен ақ пен бауырсақ ұсынылды.
Іс-шараның салтанатты бөлігінде сөз сөйлеген Сырым ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов:
— Биылғы Жеңістің 80 жылдығы аясында майдангер-ақын Абдолла Жұмағалиевтің 110 жылдығына орай бірқатар тағылымды шаралар өтуде. Абдолланың ерлік пен отансүйгіштікке толы жырлары өскелең ұрпаққа өнеге болары анық. Жас буын осы отты жырлардан қуат алуы үшін «Сырымнан шыққан үш қыран» атты жинақтың тұсауы кесілді. Сонымен қатар, алғаш рет облыстық деңгейде «Абдолла оқулары» байқауы ұйымдастырылды. Жақында Сырым ауданынан арнайы жасақталған экспедиция Мәскеу қаласына барып, батырдың соңғы шайқасы өткен деревняда болып, Ресей архивтерінен тың деректер жинады. Бүгінгі конференция сол экспедицияның жалғасы іспетті. Аудан орталығында Абдолла атындағы аллея ашылып, театрландырылған қойылым да көпшілікке жол тартпақ. Сырым еліне қош келдіңіздер! – деді.

495434472_1293740536084820_5280654290322465866_n
Сырым кесенесіне ақын Сағынтай Бисенғалиев пен аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов гүл шоқтарын қойып, қонақтар естелік суретке түсті. Одан кейін шара қатысушылары аудан орталығына аттанды.

495186282_1293740282751512_8698709563723451792_n
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале