10.02.2020, 18:17
Оқылды: 125

Сырымдағы шағын зообақ

Сырым аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің бір бұрышынан шағын зообақ ашылды. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын жануарлардың қатары алдағы уақытта көбеймек  көрінеді.

syrym zoo (2)

-Түзеу кабинетіндегі «Тірі табиғат бұрышы» атты бұл экологиялық бұрыштың ашылғанына көп уақыт өткен жоқ. Жаңа жыл алдында мүмкіндігі шектеулі балақайлардың көңілін аулап, оларға ерекше аура сыйламақ болдық, - дейді түзеу кабинетінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Аида Ниязғалиева.

syrym zoo (3)

Мұнда қазір қоян, ақ егеуқұйрық, корелла және толқынды тотықұстар, аквариумдегі алтын балық бар.

Аида Кимқызының айтуынша, табиғат бұрышына жеке кәсіпкер Гүлфия Нығметова қоян тарту етсе, аудандық мәслихат депутаттары өзге аң-құстарды сыйға тартқан. Алайда, қуықтай бұрыштан орын тепкен бұл тіршілік иелеріне ерекше күтім мен дәмді, арнайы қоректер керек. Шығынның бәрін мекеме басшысы өз мойынына ала отырып, алдағы уақытта аң-құстың қатарын көбейтпек ниетте екенін жасырмады. Енді тиісті орындар тарапынан қолдау-көмек көрсетілсе, нұр үстіне нұр болары хақ.

syrym zoo (8)

Айжан Бауыржанқызы
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

syrym zoo (1) syrym zoo (4) syrym zoo (5) syrym zoo (6) syrym zoo (7) syrym zoo (9)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале