23.05.2024, 10:00
Оқылды: 0

«Сырымдық балалар алғашқы қоңырауға жаңа үйлерінен барады»

Сырым ауданындағы 114 үйдің иелерінің ішінде 64 тұрғын үйін ескі орнына салуды сұраған. Ал қалған 50 баспана инженерлік-коммуникациялық желілері жеткізілген, инфрақұрылымы дайын жаңа орынға салынады. Тың жерлерге түсетін үйлер саны  Бұлдыртыда – 10, Көздіғарада – 1. Жымпитыдағы Қарасу мөлтекауданына жаңа 13 үй сән береді. Мақаланы даярлау барысында Өлеңті ауылында жаңа көшеден бой көтеретін 23 үйдің құрылысының басына бардық. Дамылсыз еңбек, қайнаған құрылыс.

сырым жп су дом (3)

- Жұмыс мамыр айынан басталды. Қазандықтар қазылып, іргетастар құйдық. Блоктарды қалаудамыз. Жалпы барлық үйдің орны дайын.

Құрылыс бекітілген жобадан артық та, кемде болмайды. Тұрғын үйдің жалпы көлемі – 80 шаршы метр. Іргетастың жалпы биіктігі – 1 метр 50 cантиметр. 70 см жердің астында қалады, 80 см бетінде тұрады. келесі апта тас қалауды бастаймыз.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тасқыннан зардап шеккендерге салынатын үйлердің құрылысын жедел әрі сапалы жүргізуді тапсырды. Біздің де – мақсат осы. Біз салып жатқан құрылыс нысаны – халықтың жылы ұясы.

Құрылыстың басына үйлердің болашақ иелері жиі келеді. Көздерінен жалдамалы пәтерден, біреудің босағасынан қажығанын байқаймыз. Сондықтан да құрылысшылар жұмысты жан салып атқарып жатыр.

Үш айдың ішінде Өлеңтіде жаңадан үш көше пайда болады. Бұйырса, балалар қыркүйекте мектепке жаңа үйлерінен барады, - дейді жоба жетекшісі, «ПМК615» ЖШС құрылыс басшысы Азамат Карл.

сырым жп су дом (2)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

сырым жп су дом (1)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале