2.03.2020, 10:34
Оқылды: 432

Сырымдық балуан Еуропа кубогінің  қола жүлдегері атанды

Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен Еуропа кубогінде Қазақстан құрамасының мүшесі, сырымдық Нұрсұлтан Зайзағалиев 66 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орынға ие болып, қола жүлдегер атанды.

sysym baluan (2)

Нұрсұлтанға қоланың өзін қолдан бермеу оңай болмаған. Ол үшін біздің жігіт алты белдесу өткізіпті. Ресейлік балуан Таулан Байсиевті ұтқаннан кейін түрік балуаны Гюрген Ерманды, орыс балуаны Кирилл Носковты жеңген. Аяғының жарақаты сыр бергеніне қарамастан әзірбайжандық Субхан Еюбовпен болған белдесуді де өз пайдасына шешкен.

sysym baluan (1)

sysym baluan (3)

- Мен тек грузиялық Нодар Дзамашвилиге ғана есе жібердім. Қола жүлде үшін Ресей балуаны Денис Кисилевпен күрестім. Осы кездесу ауырлау болды. 2 рет ескерту алып, ұпай жағынан ұтылып жаттым. Қосымша уақытта қапысын тауып, қарсыласымды вазари әдісімен жеңдім. – дейді Нұрсұлтан Зайзағалиев. Айта кетейік, Нұрсұлтан Зайзағалиев – Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Қазір Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мектеп – интернатта білім алуда.

 

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале