31.05.2022, 19:21
Оқылды: 31

Талабы таудай жас ақын

30 мамырда  Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде аудандағы бір топ мемлекеттік қызметшілер республикалық айтыстардың жеңімпазы, жерлес жас ақын Райымбек Өтеповпен кездесті.

WhatsApp Image 2022-05-31 at 19.17.08

Аталмыш кездесу шарасын мәдениет қызметкері Мерей Амангелдиев жүргізіп, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының 3-курс студенті Райымбек Өтеповке өнер жолына қатысты бірнеше сауалдар қойды. Райымбек Бекболатұлы өзінің шығармашылығы туралы әңгімелеп, қойылған сауалдарға жауап берді. Райымбек Бекболатұлы қолына домбыра алып, Тәуелсіздік туралы, махаббат және басқа да тақырыптарда бірнеше өлең оқыды.

Кездесу барысында сөз сөйлеген Райымбек Бекболатұлы жүргізушінің  «Мемлекеттік қызметшілерге айтар тілегіңіз қандай?» деген сауалына «Мемлекеттік  қызметшілерге айтарым, қызметте адал болыңдар» деп қысқаша жауап берді.

Райымбек кездесу 0

Туған жерде болашақ ақындарды даярлайтын мектеп ашылса елге ұстаз болып келер ме едіңіз деген сауалға Райымбек, әрине, құптаймын, келісемін, -деп жауап қатты. Туған жері Қаратөбенің абыройын асқақтатып жүрген жас ақын Райымбек Өтеповке ризашылығын білдірген аудан әкімі аппаратының басшысы Азамат Кәрменов жылы лебізін білдіріп, сыйлық табыстады.

Атаулы кездесуде А.Кәрменов облыстық байқауда жүлдегер атанған мемлекеттік қызметші Әлібек Қанафинге алғысхат табыс етті. Шара соңында мемлкеттік қызметшілер жас ақын Райымбек Бекболатұлымен естелік суретке түсті.

Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале