5.12.2021, 9:00
Оқылды: 109

"Тарихқа тұнған - Жымпиты"

Сырым аудандық "Жас туристер станциясының" ұйымдастыруымен аудан орталығы Жымпитыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ауылдық округ қызметкерлері арасында аудандық экскурсиялық бағдарлау жарысының ашылу салтанаты өтті.

FB_IMG_1638648926888

Салтанатты шарада Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қойнауы тарихқа тұнып тұнған өлкеміздің тарихи-мәдени мұралары мен танысып, ата-бабаларымыздың ерліктерін дәріптеуге шақырып, әр округтен келген қатысушыларға сәттілік тіледі.

FB_IMG_1638648923647

Сайыстың ережесі бойынша, қатысушылар белгіленген уақыт ішінде​ экскурсиялық картаны бағдар ету арқылы әр бақылау нүктесіндегі тарихи орындар мен тарихи-мәдени ескерткіштер турасында сұрақтарға жауап беруі шарт. Тиісінше, қолданысқа берілген арнайы чип арқылы барған нүктеде командалық белгі қалдырады.

FB_IMG_1638648903863

Тарихи құндылыққа ие әрі қызықты сайыстың қорытындысы бойынша, Бұлдырты ауылдық округінің командасы ІІІ орын,​ Қособа ІІ орын, Жосалы ауылдық округінің қатысушылары табандылық пен шапшаңдықтық нәтижесінде І орынды иеленді.

FB_IMG_1638648945871

FB_IMG_1638648940774

FB_IMG_1638648938446

FB_IMG_1638648943257

Жымпиты, Аралтөбе, Алғабас, Шолақаңқаты ауылдық округтері командалары белсене қатысқаны үшін марапатталды.

FB_IMG_1638648932820

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай І орын алған жосалылықтарға 30 мың теңге, ІІ орын иемденген қособалықтар 20 мың теңге, ІІІ орынға табан тіреген бұлдыртылықтар 10 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале