23.09.2021, 18:06
Оқылды: 56

Тарихтан хабардар бол, жас ұрпақ

Ақжайық аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» атты жобаның басталғанына біраз жыл болды. Осы жылдар жүзінде өңір өткенінің ақтаңдақ тұстарын жария етуде алымды істер қолға алынғанынан көпшілік хабардар. Жайықтың бұқар бетіндегі киелі орындар зерттеліп, құлпытастардың бүккен сыры қағазға қатталды. Биыл аталмыш жоба заңды жалғасын тапты.  «Өлкемізді өзгелер де танысын» тақырыбымен аудан шежіресін әйгілеуді көздеген жоба аясында әдебиеттанушы, тарихшы, зерттеушілерді жұмылдырып, бірге жұмыстану қарастырылған.

WhatsApp Image 2021-09-23 at 17.30.53

Жоба барысында ізденіп, Ақжайықтың тарихын зерделеп жүрген  азаматтардың бірі – Абай атындағы мектеп-гимназияның тарих пәнінің оқытушысы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Биман Өтебаев. Ол өткен аптада кітапханада Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің студенттері, оқырмандар, кітапханашылармен жүздесіп, өлкеміздегі тарихи орындар мен көне қорымдар жайында жинақтаған мәліметтерімен бөлісті.

Жасөспірімдер кітапханасы бөлімінің әдіскері  Әнуар Қайыржанов ұйымдастырып жүргізген  шара барысында мейманға оқушылар мен оқырмандар сұрақтар қойып, тарихтан сыр шертілді. Жас ұрпақтың санасына туған жерінің өткені мен шежіресін сіңіріп, ұлттық патриотизмді қалыптастыруды көздеген бұл жоба жалғасады.

Әсет Бисенғалиев,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале