8.01.2024, 14:45
Оқылды: 59

Тасқалада асау үйретуден ашық біріншілік өтті

Жуырда Тасқала ауданының Қосшы ауылдық округіне қарасты Кеңжайлау елді мекенінде Тасқала ауданының 90 жылдығына орай асау үйрету ұлттық спорт түрінен ауданның ашық біріншілігі өтті.

IMG-20240108-WA0055

Атқұмарлар арасындағы сайыстың ашылуына арнайы қатысқан аудан әкімі Талғат Асқарұлы құттықтау сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

IMG-20240108-WA0053

– Баршаңызды асау үйрету сайысының ашылуымен құттықтаймын. Биыл Тасқала ауданының құрылғанына 90 жыл толды. Осы орайда көптеген іс-шара ұйымдастырылды. Алдағы уақытта ұлттық құндылықтарымызды, соның ішінде асау үйретуден жарысты әрі қарай жалғастыратынымызға сенімдімін. Әр бала кішкентай кезінен атқа мініп, ұлт мінезін айшықтайтын спортқа жақын болуы қажет. Жастарымыз осы бағытқа өздерінің үлесін қосады деп есептеймін. Бүгінгі сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін. Мықтылар жеңіске жетсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, – деген Талғат Шакиров сайыстың бас демеушісі, «Бесата» шаруа қожалығының басшысы Тұрарбек Есқалиевке ұлттық спорт түріне қосқан ерен еңбегі үшін «Тасқала ауданының құрылғанына 90 жыл» мерейтойлық төсбелгісін табыстады.

IMG-20240108-WA0056

Одан кейін сөз алған сайыстың бас төрешісі жарыс бағдарламасын және ережесін таныстырды. Кеңжайлау жерінде дәстүрлі түрде жылма жыл өтіп келетін сайыста он команда өз өнерін дүйім жұрт алдында паш етті. Әр түрлі жастағы спортшылар қатысқан сайыс тартысты өтіп, нәтижесінде «Кеңжайлау» құрама командасы жеңімпаз атанды. Сайыс жеңімпаздарына диплом және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

IMG-20240108-WA0054

Назерке Шайхоллақызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале