8.09.2020, 11:23
Оқылды: 66

Тасқалада футбол алаңы пайдалануға берілді

ҚР Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында Тасқала ауданына қарасты Ақтау ауылық округінде шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Бұған Ақтау ауылдық округі әкімі аппараты бюджетінен 3 755 569,44 теңге қаржы бөлінген. 

Ақтау (4)

Нысанның құрылыс жұмыстарын «Саңыраулардың қазақ қоғамы» бірлестігінің «Орал оқу өндірістік кәсіпорны» жүргізді. Сондай-ақ «Думан» жеке кәсіпкерлігі 2 500 000 теңгеге воркаут алаңын салып, 3 092 000 теңгеге балалар ойын алаңын дайындау және орнату жұмыстарын жүргізген.

Шараның ашылу рәсімінде құттықтау сөз алған округ әкімі Нұрсейіт Белгин жиналған көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, ауылда атқарылып жатқан игі істерге тоқталып өтті.

Кейін спорт саласында көп жыл еңбек еткен Өмірзақ Сұлтанғалиев ауыл әкіміне, ұйымдастырушы-азаматтарға ризашылығын білдіріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Шара барысында футбол алаңының лентасы қиылып, ауыл әжелері шашу шашты. Шара соңында ауыл жастарының алғашқы ойыны өтті.

 

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале