8.05.2024, 18:11
Оқылды: 39

Тасқалада көркемсөз оқу байқауы өтті

Ұлы Жеңіс күніне орай Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Жеңістің рухы – биік, даңқы –мәңгі» атты аудандық көркемсөз оқу байқауы өтті.

IMG-20240507-WA0090

Байқау тарих қойнауында ерлік пен елдіктің рухын паш еткен Ұлы Жеңістің тарихын жырлай отырып, патриоттық сезімдерін әдебиет арқылы ояту, жеңісті дәріптей отырып, ақын-жазушылардың осы тақырыпта жазған шығармаларын насихаттау, жас таланттардың шығармашылық қабілеттеріне жол ашу мақсатын көздеді.

IMG-20240507-WA0088

Байқау үш кезең бойынша ұйымдастырылып, 16 үміткер қатысып, бағын сынады. Байқау үміткерлері жеңіс, соғыс және Отан, туған жер тақырыптарында поэзия жанры бойынша шығармаларды мәнерлеп оқып, көркемдеп жеткізе білді. Байқау талабы бойынша әр оқырман өзінің тұрғылықты жерінен ҰОС ардагерлерінің өмір жолы мен ерлігін насихаттайтын бейнеролик ұсынды.

IMG-20240507-WA0089

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды Аудандық балалар кітапханасының оқырмандары Жақсығұлов Сұлтан, Жомарт Айна, Достық ауылдық кітапханасының оқырманы Қазиолла Инабат, ІІ орынды Атамекен ауылдық кітапханасының оқырманы Куспанова Аружан және Тасқала аудандық балалар кітапханасының оқырманы Тулешева Інжу иеленсе, І орынды Тасқала аудандық кітапханасының оқырманы Сұлтанмұратов Бақдаулет жеңіп алды.

IMG-20240507-WA0091

Байқауға қатысушыларға алғысхаттар мен сыйлықтар табысталды.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале