8.09.2020, 11:12
Оқылды: 56

Тасқалада онлайн жарыс өтті

Қаймағы бұзылмаған ел іші не бір кереметтерге тұнып тұр. Әсіресе, ауыл келіндеріне жетер ешкім жоқ. Иә, олардың жұмысқа ыждағаттылығы, қайсарлығы мен еңбекқорлығы, алғырлығына тең келер кім бар дейсіз?!

Онлайн шара

Жақында аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен сиыр сауудан онлайн жарыс өтті. Осынау қызықты шарада Мереке ауылдық округінің 4 келіні бақ сынады. Жарыс ережесіне сай Сержановтар әулетінің келіні Светлана Есенова үш минутта 3 литр сүт сауып, аудан бойынша ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан алғысхат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Мейрам Мұхтаров,

Мереке ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале