4.06.2021, 12:12
Оқылды: 87

Тасқалада «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті

Тасқала ауданы орталығында «Жігіт сұлтаны-2021» байқауы өтті. Оған Тасқала ауданына қарасты әр ауылдық округтен өзіне сенімді жігіттер қатысып, сайыстың көркін қыздырды. Байқауға қатысқан сегіз жігіт өз өнерлерін ортаға салып, қазыларды тәнті етті.

жігіт сұлтаны (3)

«Жігіттің сұлтаны» атану үшін барын салған қатысушылар әуелі өз-өзін таныстырса, кейін қойылған танымдық сұрақтарға жауап берді.

Сайыс барысында асық атудан, ләңгі тебуден, садақ тартудан өнер көрсетсе, қазақ күресінен балуандарша белдесіп, байқаудың көркін қыздырды. Аударыспақтан білек күшін байқасқан жігіттер осы жылдағы «Жігіттің сұлтанын» анықтауға біртабан жақындатты.

жігіт сұлтаны (1)

Байқаудың соңында әділ қазылардың шешімімен мерейлік Аязби Аубекеров «Жігіттің сұлтаны-2021» байқауының жеңімпазы атанды. Бірінші орынды достықтық Темірлан Қожымберлиев жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды қосшылық Бағдәулет Сұлтанғалиев пен шежіндік Махамбет Мұхамбетов өзара бөлісті. Қалған жігіттер де ұйымдастырушылар атынан сыйлықтарға ие болды.

 

Темірболат Тоқмамбетов,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале