1.03.2023, 15:30
Оқылды: 9

Тасқалалық жас таланттар жарады

Жуырда ғылыми-инновациялық академияның «Ел үміті» атты балаларға арналған ұлттық антологиясы жарық көрді. 

21945CF7-EFF5-4A12-99BC-41E794C7772C


Бұл
республикамыздың түкпір-түкпіріндегі, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі дарынды балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында шығарылды.

Оған еліміздің барлық облыстарындағы білім, өнер, спорт, ғылым саласындағы жетістікке жеткен дарабоздар енгізілген.

Олардың қатарында Тасқала аудандық балалар музыка мектебінің, халықаралық, республикалық және облыстық байқауларының жүлдегерлері бар.

Соның ішінде баян класының оқушысы Нұралы Үмбет (жетекшісі Б.Қаратаева) қобыз класының оқушысы Айжан Тоқсанбай (жетекшісі И.Жумакаева) мен саз мектебінің кішкентай домбырашысы Айхан Ерболаттың (жетекшісі Р.Жадаева) есімдерін осы кітаптан таба аласыздар. Айта кету керек Айхан Ерболат«Дарын» медалімен марапатталды.

Ал, мектеп басшысы Мәншүк Табылдықызына Ұлтық антологияның бас редакторы А.Шүиншәлидің алғысхаты табысталды.

Назерке Шайхоллақызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале