20.11.2022, 15:24
Оқылды: 46

Тасқалалықтар сайлау учаскелерінде таңдауларын жасауда

20 қараша Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы белгіленген болатын. Осы ретте Тасқала ауданы бойынша барлық сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де өз жұмыстарын бастады.

6

Аудан бойынша жалпы сайлау учаскелер саны 22 болса, ал сайлаушылар 10935 құрайды. Сайлаушылар өз учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. "Бүгін міне 20 қараша күні  өз таңдауымызды жасап жатырмыз. Дұрыс тандау жасадық деп ойлаймын. Алдағы уақытта болашағымыз жарқын болсын. Президентіміздің алға қойған мақсаты орындалып, Қазақстанымыз өркендей берсін. Ең бастысы еліміз тыныш, деніміз сау болсын",- деді зейнеткер Дамир Мақсотұлы.

Гулмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале