11.03.2024, 11:30
Оқылды: 16

Тасқалалықтар сенбілік өткізді

Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен барлық мекеме қызметкері сенбілікке қатысып, аудан тазалығына үлес қосты.

2b428cf5-25f1-4c6a-b1d2-d944b9389c43

Сенбілік көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатымен ұйымдастырылды. Бұндай шарада тасқалалықтар әрдайым сапта тұратыны қуантады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мекеме қызметкерлері түгелдей шығып, сенбілікке қатысты. Сенбілікте Тасқала ауылдық оуругіндегі су тасқынынан қауіп төніп тұрған су арналары қардан тазартылды. Округ аумағында үш бағытта өткен сенбілік барысында қамыс шабу, су сақиналарын тазарту және кеңейту жұмысы жүргізілді.

Аталмыш іс-шараға 52 мекеме ұжымы қатысты.

 Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале