29.06.2021, 16:05
Оқылды: 91

Теректі ауданының әкімі журналистерді марапаттады

Бүгін Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов журналистердің мерекесіне орай "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газеті ұжымын құттықтады.

7df3a149-4610-4e53-937a-35566655426a

- Ақпараттар легі күн санап артып, секунд сайын ғаламда түрлі өзгерістер орын алып жатқан кезеңде журналистердің рөлі айрықша екендігін атап өткім келеді. Соның ішінде газеттің маңыздылығы мен қоғамға қажеттігін жоққа шығаруға болмайды. Ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар, кесек тұлғаларымыздың ғұмыры, қала берді, түйткілді, өзекті мәселелер көрініс табатын "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" қоғамдық-саяси газетінің тарихы тереңде. Газет тарихында қаншама мықты журналистер қызмет атқарды. Бүгін газет ұжымын қабылдап, пікір алмасып, ой бөлісуді құп көріп отырмын. Жұмыстарыңызға табыс, шығармашылық жетістіктер тілеймін, - дейді аудан басшысы Арман Кәрімұлы.

d69aac31-09ef-41c9-be26-1b1b4c7bbce0

Аудан басшысы алғыс хат және естелік сыйлықтармен газеттің жас тілшілері Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы және Дана Рақымғалиқызын марапаттады. Сонымен бірге газеттің штаттан тыс тілшілері Элеонора Қарабалина мен Арайгүл Қайыпқали да алғысқа бөленді. Аудандық газетпен тығыз шығармашылық байланыс орнатқан, басылымға жазылу кезінде белсенділік танытқан және мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттауға қосқан үлесі  үшін Ақсуат ауылдық округіне қарасты Магистраль мектебінің директоры Аймангүл Жарасова, Аңқаты ЖОББМ директоры Қарлығаш Тасанова мен қос білім ордасының ұжымына аудан басшысы  құрмет көрсетті. Газет редакторы Әділет Әлібекұлы журналистерге көңіл бөліп, мерекеде елеген аудан әкіміне алғысын жеткізді.

 

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале