30.03.2023, 23:58
Оқылды: 36

Теректіде «Сырлы жеңге,  сұлу қыз»  облыстық байқауы өтті

«Қазақ аналары-Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің Теректі ауданындағы филиалы ашылған соң, мәдениет үйінде  облыстық «Сырлы жеңге, сұлу қыз» байқауы өтті.

IMG-20230330-WA0118

Байқаудың ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов  қатысушыларға «қош келдіңіз» айтып, сәттілік тіледі. Одан кейін «Қазақ аналары-Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрайымы Күләш Қуанышқалиева бірлестіктің мақсаты мен жоспарына тоқталып, әр ананы ұлттық құндылықтарды насихаттап, ұрпаққа қаймағы бұзылмаған күйінде табыстауды ұсынды.IMG-20230330-WA0110

IMG-20230330-WA0107

IMG-20230330-WA0106

IMG-20230330-WA0111

IMG-20230330-WA0116

Облысымыздың түкпір-түкпірінен келген, атап айтқанда, Орал қаласы, Қаратөбе, Бәйтерек, Бөрлі, Шыңғырлау, Бөкейорда, Жаңақала, Теректі аудандарының келіндері қайын сіңілілерімен бірге сайысып, бақ сынаған байқау төрт  кезеңнен тұрды. Тартысты додада облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Бақытты Давлетқалиева, «Қазақ аналары-Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрайымы Күләш Қуанышқалиева, ардагер ұстаз, «Тағылым» тобының мүшесі Светлана Мұғалбаева, «Алтын бесік» мәдени бірлестігінің төрайымы Ләйлә Қаражігітова, әріптесіміз, Теректі аудандық аналар кеңесінің төрайымы Аягөз Айтқалиева қазылық етіп, қатысушыларды бағалады. «Таныстыру», «Халқын сүйген – салтын сүйер», «Сыр сандық» және «Өнерлінің өрісі кең» кезеңдерінде барлық қатысушының сахна мәдениетін сақтауы, сөз саптау, ұлттық киім мен салт-дәстүрді насихаттауы сараланды. Тыңғылықты дайындалған келіндер мен олардың еркетайлары бірінен-бірі озып, сайыстың тартысты әрі қызық өтуіне себепші болды.

IMG-20230330-WA0101

IMG-20230330-WA0100

IMG-20230330-WA0099

IMG-20230330-WA0102

Сайып келгенде, Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылынан келген Аружан Нұрмұхан мен Жансұлу Назарбаева барлық кезеңде қарсыластарынан алда болып, ең жоғары ұпай жинап, бас жүлдені  (100 мың теңге) қанжығаларына байлады. Жаңақала ауданының намысын қорғаған  Анита Қанатова мен Әминат Сағидолла I орынды (70 мың) иеленді.  Шыңғырлаулық Ақбөбек Разова мен Зарина Аблезова II орын (50 мың), қасиетті жер саналатын Қаратөбенің келіні Әсел Отарова мен қайын сіңілісі Гүлназ Серік III орынға (30 мың) лайық деп танылды.

IMG-20230330-WA0104

Одан бөлек Анаргүл Тажғалиева мен Динара Маху (Орал қаласы) «Өнегелі жеңге, өнерлі қыз», Гүлжүзім Санижанова мен Мәриям Сабырғали (Теректі) «Ибалы жеңге, инабатты қыз», Әйгерім Балмаш пен Айкөркем Сейтқазиева (Бәйтерек) «Асыл жеңге, ару қыз», Гүлжанар Айтмағамбетова мен Надира Сүйнешова (Бөкейорда) «Көрермен көзайымы», Гүлжайна Хайруллина мен Рада Көпжасар (Бөрлі) «Парасатты жеңге, зейінді қыз», Махаббат Каримова мен Жұлдыз Ағдаулетова (Подстепный) «Салиқалы жеңге, сымбатты қыз» атанды.

 

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале