18.09.2021, 15:48
Оқылды: 56

Теректіліктер тазалық акциясына үлес қосты

Еліміз бойынша «Birge – taza Qazaqstan» акциясы өтіп жатқаны әмбеге аян. Аталмыш акцияға теректіліктер де өз үлестерін қосты.

8ED7F1A5-AFDA-441B-986A-2BF8518959EC

Атап айтсақ, аудан халқы белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, сенбілік жұмыстарын жүргізді. Аудан орталығында өткен сенбілікке 302 адам қатысып, белгіленген 24 аумақты қалыпқа келтірді. Нәтижесінде, 6  тонна қоқыс шығарылды. Бұл жөнінде аудандық газет тілшісіне Федоров ауылдық округі әкімі Әсет Әубакіров мәлімдеді.

D15C95D4-AF9D-4E02-81EF-FD4DCB6B5ED6

Сенбілік жұмыстарында Теректі ауданы әкімі аппараты, аудандық мәслихат ұжымы, аудандық білім беру бөлімі, аудандық мәдени-демалыс орталығы, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Федоров қазақ ЖОББМ, Теректі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық мәдениет бөлімі, жер қатынастары бөлімі, «Nur Otan» Теректі аудандық филиалы, Федоров №1 ЖОББМ, аудандық орталық аурухана және тағы басқа мекемелер белсенділік танытты.

Осындай тазалық акциясы ауданның барлық ауылдарында өтті.

9B101093-8EA8-47E6-BDCD-CDB01B1AA917

40BDC4A6-7C66-483B-AE3B-A73256C6C664
F0F4140C-7A84-4090-9EA3-FD7DBE6A6330

E60E5A5A-AD20-48A2-816E-D0FB14A6B459
Әділет Ә
лібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале