18.10.2023, 18:09
Оқылды: 34

Тоғыз айдың жұмысын қорытындылады

Бүгін Жәнібек аудандық сотта брифинг өтті. Сот төрағасы Ержан Әліпқалиев аудандық соттың ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жұмысын қорытындылады.

IMG-20231018-WA0066

- Азаматтық істер бойынша өткен тоғыз айда сот өндірісіне 132 арыз түсті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 36 пайызға көп. Есеп беру кезеңінің басындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы – 4 іс, есепті кезеңдегі арыздардың қалдығы – 2, істер саны – 5, 30 арыз қайтарылды, соттылығы бойынша жіберілген арыздар жоқ, қозғалған істер (өндірістер) – 90, есепті кезеңнің соңындағы талаптардың (арыздардың) қалдығы – 8.

Әкімшілік құқықбұзушылық істердің өткен жылға қарағанда 4 іске, яғни сәл азайғаны байқалады. Есепті мерзімде 127 әкімшілік құқықбұзушылық іс түсті, былтырғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға кеміген.

Әкімшілік іске келсек, сот өндірісіне әкімшілік органдардың және лауазымды адамдардың шешімдерін даулау туралы 11 арыз түсіп, оның 8-і қайтарылды, 2 іс бойынша шешім шығарылды (қанағаттандырылды), қалдық іс біреу. Өткен жылмен салыстырғанда арыз 8 іске көбейген.

Қылмыстық істер бойынша тоғыз айда сот өндірісіне 26 тұлғаға қатысты 22 қылмыстық іс түсті, - деді Ержан Бекетұлы брифинг барысында.

Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале