БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Тоғызқұмалақтан ашық біріншілік өтті

Жуырда «Шабыт» мектептен тыс жұмыс орталығында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан алғаш рет 2008 жылы туған және одан кіші жасөспірім қыздар арасында Орал қаласының ашық біріншілігі ұйымдастырылды.

тоғызқұмалақ 2

Тасқала ауданында ұлттық ойынымыз жылдан-жылға дамып, қарқыны өсіп келеді.

Бұрымдылардың арасында өткен жарысқа 9 команда, 50-ге жуық спортшы қатысты.

Сырым, Бөрлі, Бәйтерек, Жаңақала, Тасқала аудандары және Орал қаласы, “ОРАЛ” спорт клубы, №1 ЖОББМ, Эстетикалық бағыттағы гимназия қатысты. Екі күнге созылған жарыс тартысты өтті.

тоғызқұмалақ

Бабы мен бағы жанғандар ұпайын алып, командасын алға сүйреді. Осылайша І орынға Орал қаласының командасы ие болса, ІІ орын Жаңақала командасына, ал ІІІ орын Тасқала ауданының командасына бұйырды.

Команда құрамында Гүлзира Мұқашева, Асылжан Ыдырыс, Ләйла Қадірберлі, Жанна Сағидолла, Аружан Ғабдісыйық, Жанел Едрес, Адия Мұратова бар.

Жоғарғы санатты жаттықтырушы Әділбек Исламғалиев дайындаған шәкірттері абырой биігінен көріне білді.

Тасқала ауданының БЖСМ әдіскері Гүлсім Бермұқанова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале