16.11.2023, 17:15
Оқылды: 1

Трекинде әкім сайлауы өтеді

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Онда Трекин ауылдық округі әкімі сайлауын тағайындау жайы талқыланды. Жиынға аталмыш сайлау комиссиясы мүшелері, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралы өкілдері қатысты.

IMG_20231116_125434_499

Аталмыш сайлау комиссиясының №42 қаулысымен Трекин сайлау округі құрылды, №43 шешімімен Трекин ауылдық округі әкімінің сайлауы туралы 2023 жылғы 24 желтоқсанға сайлау тағайындалды. Шешімге сай бекітілген күнтізбелік жоспарға бойынша сайлауға қатысты жұмыс жүргізіледі.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов атап өткендей, Трекин ауылдық округі бойынша 22 сайлау комиссиясының мүшесі бар. Төрт сайлау учаскесі жұмыс істейді. Округ бойынша 4500-ден астам сайлаушы бар.

Гүлім Орда,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале