19.09.2023, 15:15
Оқылды: 97

Трекинде жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Президент өз сөзінде барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек екенін айтып, балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

F5448CFA-FE39-4F9C-A5E3-D96426B6F41A

Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде спорт алаңдары мен кешендері бой көтеруде.

Жуырда Бәйтерек ауданына қарасты Трекин ауылында жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.

Көпфункционалды алаңның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Хайруллин, алаң тұрғызып, көптің ақ батасына ие болған «Жайық Пром Сервис» ЖШС-нің басшысы Медет Қазиев және ауыл тұрғындары мен спортшылар қатысты.

4E5AB90C-943D-4249-91DF-C000CC776245

– Жыл санап тұрғындар саны артқан Трекинге осындай алаң қажет болды. Енді ауыл жастары бос уақытын спортқа арнап, Трекин атын байрақты бәсекелерде асқақтатады деген сенімдеміз, - деді алаңның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев.

Ел сұраған алаңның лентасын аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Хайруллин мен Таэквондо ITF-тен әлем чемпионы Данил Рубцовқа қиды.

DB785A3C-12DA-42CE-88D0-B558BC15A022

Ел игілігіне берілген спорт алаңның ашылунан соңы футболшылар жарысына ұласты. 

Жанболат Закарин,

Трекин ауылдық округінің спорт нұсқаушысы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале