16.04.2024, 22:10
Оқылды: 47

Тыным бермеген сұрақтарды түртіп алды

Қыстан аман шыққан тұрғындардың хал-ауқатын, тұрғындардың көкейінде жүрген сан сауалды білу мақсатында Жәнібек ауданы басшысы елді мекен тұрғындарымен кездесуге шықты.

FB_IMG_1713285084043

Өткен аптада Жұмаев елді мекенінің жұртымен кездессе, кеше аудан әкімі Тимур Шиниязов пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл мен Талов ауылдық округіне қарасты Майтүбек елдімекендерінде болып, тұрғындармен кездесті. Тегісшілдіктер ауылға кіреберіс 7 шақырым жолға асфальт төсеп беруді, Шәрімбет сайындағы жырып кеткен үш бөгетті қалпына келтіріп беруді сұраса, майтүбеліктер киік мәселесін айтып налыды. Жыл сайын киік төлдеп, оның саны екі есеге дейін өседі.

FB_IMG_1713285091465

Биыл да сол мәселе ауыл тұрғындарын толғандырады. Сонымен қатар мал моласын, ауылдағы су қоймасының шығыс бөлігін кеңейтіп, тереңдетуді, Талов су қоймасындағы бөгетті жөндеу мен шабындық жерлердің аздығын тілге тиек етті. Аудан басшысы тұрғындардың сауалдарын түртіп алып, Шәрімбет сайы мен Талов су қомасының жағдайын көрді.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале