17.02.2023, 12:30
Оқылды: 6

«Ұлттық рухтағы ұландар әні»

Жуырда Тасқала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен  білім беру ұйымдарының «Жас ұлан» ұйымының мүшелерінің қатысуымен «Ұлттық рухтағы Ұландар әні» атты бейне челенджі өткізілді. 

 

942a8137-2148-485c-952b-e5b1d4a052d1

Дәстүрлі түрде жыл бастауымен ұйымдастырылатын аталмыш челендждің мақсаты тарих қойнауындағы тарихи әндеріміз бен жерлес ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау.

Білім беру ұйымдарының «Жас ұлан» ұйымының мүшелері ұлттық тәрбие бағытта шығармаларды орындап, бейнеақпаратын әлеуметтік желілерге жүктеп, аудан мектептеріне жолдады. Бейне челендж ауданның гимні «Жайнай бер, Тасқала!» әнімен басталып, әлеуметтік желі де кеңінен қолдауға ие болған  «Мен қазақпын» әнімен аяқталды.

Сонымен қоса жасұландықтар «Қазақтай ел қайда?», «Өз елім», «Елім менің»,  «Саржайлау», «Тәуелсіз елдің ұланы»,  «Атамекен»,  «Ақ жайығым - айдай ару мекенім», «Жаса, Қазақстан!», «Көк тудың желбірегені»  тағы да басқа әндерді шырқады.

 

 Эльмира  Бақтығалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале