17.08.2023, 17:44
Оқылды: 18

Волейболдан үздіктер анықталды

 

Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Спорт күнi» мерекесіне орай жағажай волейболынан ерлер командалары арасында аудандық жарыс өткізілді.

волейбол (1)

Жарыстың қорытындысы бойынша аудан орталығындағы №3 мектептің командасы І орынға ие болса, Жаңақала командасы ІІ орынды қанжығаға байлады. С.Меңдешев ауылдық округінiң командасы ІІІ орынға табан тіреді.

волейбол (3)

Жарыстың жүлделі орындарға ие болған командалар Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының дипломдарымен, медальдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале