11.11.2022, 19:24
Оқылды: 47

Халықтық әжелер ансамбльдері жарысты

Бүгін Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақ тілеу» әжелер ансамблінің 35 жылдық мерейтойына арналған халықтық әжелер ансамбльдері арасында облыстық байқау өтті.

IMG_9604

Ең алдымен аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов және келген қонақтар кеңес отырысында бас қосты. Содан соң әр ауданнан келген көрмелерді тамашалап көрменің мән мағынасын түсіндірді.

Шара байқауға жалғасты. Аталмыш сайысқа облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева, мәдениет саласының ардагері Роза Бейсханова қазылық етті.

IMG_9621

- Құрметті ақ жаулықты аналар, байқауға қатысушылар, шара қонақтары! Бүгін Тасқаланың төрінде дүбірлі той. Халықтық «Ақ тілеу» әжелер ансамблі отыз бес жылдық мерейтойын атап өтуде. Ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы еліміздің білімі мен саясатының, ұлттық-рухани дамуына, жетілуіне қоғамда өзіне лайықты орын алатын ұлағатты тұлға тәрбиелеуге, озық қоғам құруға қол жеткізуге болады. Ұрпағын әлдилеп, шаңырақтың шежіресін шерткен, ағайын-туыстың татулығын сақтап, еліміздің рухани өміріне де үлес қосып жүрген әжелердің барлығы дерлік он саусағынан өнер тамған десек артық айтқандық емес. Халықтық әжелер ансамбльдері арасындағы «Ақ жаулығым - тұмарым» облыстық байқауына қош келдіңіздер! , - деді аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы.

Халықтық «Ақтілеу» әжелер ансамблі 1987 жылы Батыс өңіріндегі тұңғыш әжелер ансамбльдерінің бірі болып құрылған еді.

 Байқау - таныстыру,  қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрінен көрініс, халық әнін орындау кезеңдерінен тұрды.

Нәтижесінде І орынды жаңақалалық халықтық «Айзере» әжелер ансамблі жеңіп алды. Жетекшісі - Найля Сисенғалиева. Ал ІІ орынды казталовтық халықтық «Гүлдерайым» әжелер ансамблі мен Орал қаласынан келген халықтық «Әже сәлемі» ансамблі иеленді. Бөрлілік халықтық «Ақ жаулықты әжелер» ансамблі, шыңғырлаулық халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблі және қаратөбелік халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблі ІІІ орынға ие болды.

IMG_9585

«Ұлағатты әже - шаңырақ шаттығы» аталымымен ақжайықтық халықтық «Жайдарман» әжелер ансамблі марапатталды. «Әжелер ұлттың ұйытқысы» аталымы бөкейордалық халықтық «Нарын әжелері» ансамбліне табысталса, «Әжелер сөзі-тәрбие көзі» аталымын сырымдық халықтық «Ақ ниет» әжелер ансамблі иеленді. «Халық ықыласы» аталымына теректілік халықтық «Шежіре» ансамблі ие болды.

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале