18.10.2018, 12:42
Оқылды: 37

Ханордалық «Қазпоштаның» сыйын ұтып алды

 «Қазпошта» акционерлік қоғамы 25 жылдық мерейтойына байланысты өз салымшылары арасында жыл бойына ұтыс ойынын жүргізуде. Жуырда аудандық пошта байланысы торабы арқылы зейнетақылық шот ашқан Бөкей ордасы Хан ордасы ауылының тұрғыны Асылбек Ғалымов облыс бойынша қазан айында өткен ұтыс ойынының жеңімпазы атанды.

р-0506

Аудандық пошта байланысы торабының басшысы Гүлнара Мұқанова Хан ордасы ауылына барып, Асылбек Ғалымовқа ұтыстың сертификатын табыстады.

– Бұл сертификатпен еліміздің кез келген қаласындағы «Технодом» тұрмыстық заттар дүкенінен осы сома шеңберіндегі қалаған затты ала аласыз. Ұтысыңыз құтты болсын, – деді Гүлнара Бақытқызы жеңімпазға.

Раушан БАҚЫТОВА,

Бөкей ордасы ауданы,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале