14.11.2018, 11:52
Оқылды: 50

Зеленов лигасы басталды

Зеленов ауданында шағын футболдан аудандық лига ойындары басталды. Жарысқа аудан орталығындағы мекемелер мен бөлімдердің, ауыл жастарының, алыс-жақын округтердің командалары қатысуда.

 1196a03858a3d1190b9ccd3e46d7a682

Алғашқы турдың екі ойынын өткізген командалар көрерменге қызықты матчтар ұсынды. Алдымен алаңға шыққан Камень мектебі мен Раздольный ауылдық округінің командалары тартысында мектеп ұжымы жеңіске жетсе, аудандық ішкі істер бөлімі мен спорт мектебі командаларының арасындағы тартысқа толы ойында спорт мектебінің жігіттері алда болды.

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан аудан лигасының ойындары күн санап көрермен қызығушылығын оятуда. Көпшілік биылғы жарыстың фавориттері қатарына БЖСМ мен №25 өрт сөндіру бөлімінің командаларын енгізіп отыр. Кеше алғашқы ойынын өткізген БЖСМ ойыншылары бабында екендігін көрсетсе, бейсенбі күні алаңға шығатын өрт сөндірушілер де ойынға сақадай сай.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале