5.12.2018, 17:06
Оқылды: 68

Зеленовтық азамат «Жыл патриоты» атанды

22 қараша күні Зеленов ауданындағы Чувашка елді мекенінде ауыл тұрғыны Серікқали Шудабаев жанып жатқан үйден ауылдасын алып шыққан болатын. Бұл жайлы алғаш болып zhaikpress.kz сайты жазған еді.

 шудабаев 1

Аудан тұрғындарының біразына қазақ күресінен «Қазақстан барысы» чемпионатының аудандық кезеңінің жеңімпазы ретінде танымал палуан Серікқалидың адамгершілігі мен азаматтығына көпшілік дән риза.

Бүгін 5 желтоқсан күні Астана қаласында өткен Республикалық Патриоттар форумында Серікқали Шудабаев «Жыл патриоты» аталымы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дипломымен марапатталды.

Дипломда: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуде насихаттау жұмыстарын жүргізгені және халықтың патриоттық рухын арттыру жолында қосқан үлесі үшін республикалық Патриоттар форумы аясында «Жыл патриоты» номинациясымен марапатталады» делінген.

-Өткен жолы Чувашка да болған өрт оқиғасы кезінде әйел адамды жанған өрттің ішінен яғни, есік алдында құлап жатқан жерінен алып шыққан едім. Әрине, бұл ерлік емес. Адамдарға көмектесу, қолұшын созу менің азаматтық парызым, өмірлік ұстанымым, - дейді Серікққали Шудабаев.

Серікқали – Қаратөбе ауданының тумасы. 1997 жылы Зеленов ауданына қоныс аударады. 2005 жылдан бері спорттың қазақ күресі және самбо түрімен тұрақты айналысады екен.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале