27.05.2023, 12:29
Оқылды: 33

Жайық жастары Бөкей Ордасында бас қосты

Ағымдағы жылдың 24-25 мамыр күні Бөкей Орда ауданын Хан Ордасы ауылында Батыс Қазақстан облысының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкерлерінің арасында спорттық туристік спартакиада өтті.

жастар

Спорттық сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев елге келген жастарға “қош келдіңіз” айтып, сәттілік тіледі.
Спартакиадаға Тасқала, Сырым, Жәнібек, Қаратөбе, Шыңғырлау, Ақжайық, Бәйтерек аудандары, Орал қаласы мен Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары қатысып,
спорттың сегіз түрінен, атап айтқанда “Арқан тартыс”, ”Гір тасын көтеру”, “Қол күрес”, “Қашықтыққа жүгіру”, Садақ ату”, “Мылтық ату”, “ Техникалық қашықтығы”, “Спорттық лабиринт қашықтығы” бойынша сынға түсті.

жас
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есеппен ІІІ орынды Қаратөбе жастары, ІІ орынды Тасқала жастары иеленсе, Жәнібек жастары І орынға ие болды.
Аудандық ресурстық орталық басшылары жеңімпаздар мен жүлдегерлерді кубок, диплом және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале