16.07.2021, 11:51
Оқылды: 33

Жалған ақпарат әуреге салып отыр

- Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы екпе алу күн тәртібіндегі мәселе болып отыр. Әсіресе әлеуметтік желідегі жалған ақпараттар халықты әуре-сарсаңға салып отыр. Бұл екпенің қарқынды жүзеге асуына кесірін тигізетіні анық. Мен өзім мұғалім болғаннан кейін өзімнің денсаулығым үшін, әріптестерім мен оқушыларымды қорғау үшін екпе салдырдым.

WhatsApp Image 2021-07-16 at 11.48.10

Екпеден кейін денсаулығыма байланысты ешқандай кінәрат кездеспеді. Барлық мұғалімдер, мекеме қызметкерлері толықтай вакцина алуы керек деп есептеймін. Вакцина алу толыққанды, жоғары деңгейде жүзеге асса ғана ұжымдық иммунитет қалыптасады. Сондықтан барлығын вакцина алуға шақырамын.

Қаламқас Қоқымова,
Сырым ауданы, Ж. Досмұхамедов атындағы орта мектеп мұғалімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале