15.12.2023, 10:45
Оқылды: 10

Жаңа әкім тағайындалды

Казталов ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі лауазымына Сұңғат Қажығалиев тағайындалды.

IMG20231215092612

Жаңадан тағайындалған әкімді округ активі мен қауымдастық мүшелеріне Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов сайлау нәтижесімен таныстырып, Сұңғат Қажығалиевке окуг әкімінің куәлігін табыс етті.

Аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы Қарасу ауылдық округі әкімі қызметін күні бүгінге дейін атқарған Асхат Нұржановқа аудан халқы атынан ризашылық білдіріп, алғысхат табыстады.

Сұңғат Салахиятұлы 1967 жылы Орал обылысы Фурманов ауданы Қарасу селолық советінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 1988 жылы Орал қаласындағы А.Пушкин атындағы педагогикалық институтын «Көркем сурет» фаультетін, 2004-2009 жылдары М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универсететін «Музыкалық білім» мамандығы бойынша тәмамдаған.

IMG20231215092606

Еңбек жолын 1984-1985 жылдары «Жұлдыз» қой кеңшарында жұмысшы болып бастаған.

1985-1987 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеген.

1992-1993 жылдары Қарасу орта мектебінде сурет, сызу, енбек пәнінің мұғалімі;

1993-2005 жылдары Қарасу мәдениет үйі директоры,
1995-1999 жылдары Қарасу ауылдық совет депутаты;

2005 жылдан бастап күні бүгінге Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінде ұстаздық қызметте атқарып келді.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале