29.03.2022, 15:15
Оқылды: 69

Жаңа Қазақстанның жарқын Жолдауы

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылдың 16 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауы үстіміздегі жылдың басты жаңалығы болды. Қай кезде де Жолдау халықтың басты құжаты, темірқазығы болып, сол жүкті көтергені абзал.

IMG-20220329-WA0030

Осы тұрғыдан алғанда наурыздағы Жолдаудың орны да, атқарар жұмысы да ерекше болмақ.

Президенттің: «Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің мемлекет басшысы ретінде басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл анық нәрсе»,-деген сөзі Жолдаудың заңды кіріспесі, ақжолтай жолашары. Парламенттің рөлін арттыру, еліміздегі партиялардың жұмысын жаңаша ұйымдастыру туралы ұсыныстар да аса маңызды.

Халқымыздың біртуар перзенті, кемеңгер Д.Қонаев есімін Қапшағай қаласына беру жөніндегі ұсынысты көпшіліктің шын жүректің қолдайтыны ақиқат.

Жаңа үш облыстың құрылуы да нақты болашаққа бағытталған қадам деп қабылданатына сенеміз.

Бұл Жолдау елдің ертеңіне, баянды болашаққа, кемел келешекке бастайтын нақты бағыттар жиынтығы.

Жолдауда белгіленген, ұсынылған бағыттарды басшылыққа алып алға ұмтылу, жұмыстану, үлес қосу баршамызға міндет деп санаймын.

Т.К.Қалиев 

«Аманат» партиясы Шыңғырлау 

аудандық филиалының Партиялық 

бақылау комиссиясының мүшесі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале