18.10.2023, 10:00
Оқылды: 334

Жаңа орынбасар тағайындалды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабының 5-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес Казталов ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды.

InShot_20231018_082646618

БҚО әкімі аппаратының конкурс комиссиясы мәжілісінің 2023 жылғы 9 қазандағы 216 хаттамасы негізінде Казталов ауданы әкімінің 2023 жылғы 18 қазандағы №216-ө өкімімен аудан әкімінің орынбасары болып Рашит Иманғалиев тағайындалды.

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов аудан активіне жаңадан тағайындалған орынбасарын таныстырып, Рашит Нәсіпқалиұлының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Рашит Иманғалиев 1975 жылы Батыс Қазақстан облысы​ Казталов ауданы Қараоба ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

1997 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «Зоотехник» мамандығы мамандағы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Казталов ауданының ауыл шаруашылық кооперативінің зоотехнигі қызметінен бастаған.

1997-1999 жылдары Казталов аудандық ауыл шаруашылық басқармасының маманы;

1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық аумақтық басқармасының маманы;

2000-2001​ ​ ​ ​ ​ жылдары​ Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық департаментінің жетекші маманы;

2001-2005​ жылдары Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментінің бас маманы;

2005-2006​ жылдары Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық департаментінің мал шаруашылығы бөлімінің бастығы;

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясының бастығы;

2008-2009​ ​ ​ ​ ​ жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының жетекші маманы;

2009-2012​ ​ ​ ​ ​ жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясының бастығы;

2012-2022 жылдары Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары;

2022 жылдың ақпан айынан бастап Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале