27.02.2023, 12:35
Оқылды: 34

Жаңақалалықтар топ жарды

23-26 ақпан күндері Орал қаласында тоғызқұмалақтан БҚО жастары арасында жекелей чемпионат өтті.

E2EEFBB9-5277-46A7-AB18-11538E8A0879

Жарысқа БҚУ, БҚИТУ, Ж.Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледж, Орал қаласы, Бәйтерек, Бөрлі, Сырым, Тасқала, Жаңақала аудандарынан 100-ге жуық спортшы қатысты.

Бұл сайыста Жаңақала аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары жақсы жетістікке жетті.

Жарыстың нәтижесіндe, классика түрінен 15 жастағы ұлдар арасынан Нұрберген Түсіпқали ІІІ орын, 17 жастағы ұлдар арасынан Ахмет Нағимов ІІІ орын, 19 жастағы ұлдар арасынан Мадияр Жұмағали І орын, Жандыбек Кенжеғалиев ІІІ орын, қыздар арасынан Аяжан Магзумова ІІ орын иеленді.

21 жастағы ұлдар арасынан классика түрінен Бексұлтан Халиоллин ІІІ орын, қыздар арасынан Мәдина Боранбаева ІІ орын, Дильназ Абдуллина ІІІ орын, Ақсамал Жексенова ІІІ орынға табан тіреді.

D79371B1-D2F9-42A5-968D-23EC3324AD77

Блиц түрінен 15 жастығы ұлдар арасынан жүлделі І орынды Нұрберген Түсіпқали иеленсе, 17 жастағы ұлдар арасынан Ахмет Нағимов ІІІ орынды қанжығасына байлады.

19 жастағы қыздар арасынан ІІІ орынды Аида Баймұхан, 21 жастағы ұлдар арасынан ІІІ орынды Нағымғали Манарбек қанжығалады. Қыздар арасынан І орын Дильназ Абдуллинаға, ІІІ орын Мәдина Буранбаеваға, ІІІ орын Ақсамал Жексеноваға бұйырды.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале