29.06.2020, 16:58
Оқылды: 261

Жәнібек аудандық "Шұғыла" газетіне жаңа редактор тағайындалды

Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитов «Жайық Пресс» ЖШС Жәнібек филиалы – «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің редакциясына арнайы келді.

E3C9F1A0-584C-43E8-A3A2-5D79D004AED0

Жиынды ашқан Рауан Сәбитұлы осы уақытқа дейін аталған қызметті абыройлы атқарып келген Нұрымбек Жапақовқа жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, өз атынан алғысхат пен естелік сыйлығын табыс етті. Бұдан кейін Бас директордың 2020 жылғы 26 маусымдағы №65 ж/қ бұйрығымен «Жайық Пресс» ЖШС Жәнібек филиалына жаңадан тағайындалған директор-редактор Әсемгүл Қуанғалиеваны редакция ұжымымен таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

7C15F7FF-26DE-456E-85A9-10CC8A233AB4

Әсемгүл Әбділдақызы 2010 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Аудандық газетте корректор, тілші, І санатты тілші қызметін атқарды.

"Шұғыла" газеті редакциясы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале