8.12.2023, 9:30
Оқылды: 32

Жәнібек ауданы әкімінің кубогі сарапқа салынды

Жәнібек аудандық спорт кешенінде өзгеше бәсекенің куәсі болдық. Нақтырақ айтсақ, «Жәнібек» спорт клубында волейболдан аудан әкімінің кубогы өтті.

406883885_892120842917591_8826948519338860669_n

Бұл ойынды аудан тұрғындары тағатсыздана күтті. Ашылу салтанатында аудан басшысы Тимур Шиниязов спорттың маңызына тоқталып, аудандағы қарқынды дамып келе жатқан сала туралы кеңірек тарқатты. Арнайы келген облыс әкімінің орынбасары, облыстық волейбол федерациясының президенті Тілепберген Каюпов сөз кезегін алып, қатысушыларға сәттілік тіледі және аталған спортпен шұғылдану өте пайдалы екенін жеткізді.

405536000_890669899729352_915887095174289541_n

Жарысқа Батыс Қазақстан, Ақжайық, Бәйтерек, Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек ауданы әкімдігі қатысты. Бірінші кездесуден кейін-ақ ойынның шамасын анықтадық. Казталов пен Жәнібек ауданы ойыншыларының жан салып, терлеп, оңай шағылатын жаңғақ емес екенін дәлелдеді.

Жеңіске жеткен Жәнібек ауданы спорт клубындағы топтың фавориті болды. Айта кетейік, ойын екі жерде өтті. Үш топ спорт клубында өзара сынға түссе, үш топ Т.Жароков атындағы мектептің спортзалында кездесті.

405260060_892276302902045_8215688321433340230_n

Финалға шығып, жүледелі орындарға адымдаған әкімдік қызметкерлерін аудан тұрғындары күн батқанша қолдады. Жүлделі 3-орын үшін Ақжайық ауданы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің командасы кездесіп, Ақжайық ауданы қола жүлдені місе тұтты. Тақым қысатын уақыт келіп, кубокқа лайық топты көппен анықтадық. Бөкей ордасы мен Жәнібек ауданы шешуші кезеңде жойқын соққыларымен елдің ішін пыстырмады. Көргендерге екеуі де осал болмады. Дегенмен намысқа тырысқан жәнібектіктер жеңімпаз атанып, 2-орынға Бөкей ордасы ауданы ие болды. Сондай-ақ «Үздік шабулышы» жәнібектік Алмат Қаратаев, «Үздік байланыстырушы» ақжайықтық Руслан Биманов, «Үздік қорғаушы» ордалық Эмидь Темірбекұлы атанды.

 Жүлдегерлерді аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов, облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, аудан әкімі Тимур Шиниязов, Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов марапаттады. Ақшалай сыйлық пен арнайы диплом, кубок, медаль табысталды.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале