15.02.2021, 18:45
Оқылды: 54

Жәнібекте «Ақын – елдің ардағы» атты zoom платформасы арқылы кездесу өтті

Жуырда Жәнібек ауданы орталығындағы Т.Жароков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Махсұтованың ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Ғайса-Ғали Сейтақпен «Ақын – елдің ардағы» атты Zoom платформасы арқылы кездесу өтті.

Ғ11

Шараға Т.Жароков атындағы орта мектеп, №1 мектеп-лицей, А.Оразбаева атындағы негізгі мектептің оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Әдемі Ахметова, Ақмарал Ахтарова қатысты.

Кеш барысында ақын поэзияның құдіреті жайлы әңгімелеп, өлеңдерін оқып, өзінің шығармашылық жолын таныстырды.

Өз кезегінде 9-сынып оқушылары Г.Бисенова, О.Меңдібаев ақынның жырларын оқып, өміріне, шығармашылығына байланысты сұрақтарын қойды.

Кеш соңында Ғайса-Ғали Сағимоллаұлы жас ұрпаққа ақжарма тілегін арнады.

 

Ә.Әбділда,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале